Шу тұрғыны тікелей эфирде Ерке Есмаханға жүрегін ұсынды (видео)

Жұма, 20 Қазан , 2017 9:27

“Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасы кезінде Шу қаласының тұрғыны әнші Ерке Есмаханға деген сезімін білдіріп, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Келбеті келісті Руслан есімді жігіт өзінің Астана қаласынан келгенін айтып, іштегі жан сырын ақтарды. Ол Еркені шынайы сүйетінін айтып, гүлі мен неке жүзігін ұсынды.

Бір қызығы, Еркені жар етуге дайын тұрған жігіт небәрі 20 жаста екен.

“Ерке ханым, мен сізді қатты жақсы көремін. Құрметті Ерке, мен Астана қаласында “Жігіт сұлтаны” болғалы маған көптеген қыздар хабарласты, жазды. Мен олардың ешқайсысына хабар бермедім. Өйткені менің жүрегімде бір-ақ адам бар, ол – сіз. Сіздің “Қайда?” деген әніңіз жарыққа шыққалы бері жүрегімде сезім оты ұялады. Сосын неге осында келмеске, неге сезім білдірмеске деп ойладым. Қайда, қайда деп мүмкін ол мені іздеп жүрген шығар дедім. Астанада да жоқ, Алматыда да жоқ, ол жігіт міне, мен Шу қаласынан келіп тұрмын. Құрметті Ерке, мен сіздің барлық еркеліктеріңізді көтеремін. Осы сәтті пайдалана отырып сізге сөз салсам деп едім”, – дейді Еркеге ғашық Руслан.

Бұдан кейін жас жігіт “жоқ” деген жауап алудан жүрексініп: “Асықпай ойланыңыз, мен сізді сыртта күтетін боламын, бірақ “жоқ” деп айтпайды деген үміттемін”, – деп студиядан кетіп қалды.

Мұндайды күтпеген Ерке жас жігіттің ел алдында ұсыныс жасағанына тәнті болды.

“Қайта бағдарламаға келгені жақсы болды. Егер де осы баланы өмірде кездестіріп, көңіл жарастырып кетсек, 20 жастағы жас баланың басын айналдырып алыпты деп айтады ғой. Осылай жүректерін ұсынатын жігіттер көп. Дәл қазір мықты Ерке жоғалып кетті. Кәдімгідей біртүрлі болып отырмын, өзімді қыз сезініп. Ешкім бұлай күнде тізерлеп отырып, сақина бермейді ғой. Кәдімгідей толқып тұрмын”, – деп жауап берді Ерке әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Түрмеден шыққан жігіт Рамазанға: Сенің әніңді тыңдаған кезде жаным “воляда” жүргендей болатын

Италиялыққа тұрмысқа шыққан Сати Казанова үйлену тойын Кавказда жасады

Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты

Гүлзира Айдарбекова Төреғалидің тойында бидің түбін түсірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар