Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты

Сәрсенбі, 18 Қазан , 2017 22:16

Жеке  өміріндегі құпиялардың құлпын ашқан хитменнің қуанышында көпшілік қос қызын көре алмады. Ал, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Төреш бұл қадамын былайша түсіндірді.

«Менің қыздарым кішкентай әлі. Алпамыс батырға ұқсап күн санап өсіп кетпесе, тойға келіп қалуы да мүмкін. Мен кішкентай кезімде ата-анамның тойын қарап отырып, альбомдарын ақтарып отырып жылаппын. Мен қайдамын, мен тойда жоқпын ғой деп. Біздің кішкентайларымыз олай жыламайтын шығар. Сендер үйде болдыңдар деп айта саламыз ғой. Олар кішкентай әлі. Тойға келгеннен кейін қарап жүру керек. Кешке қарай балалар мазасызданады», – дейді жас әке.

Әдетте, жанұясы жайлы жақ ашпайтын жұлдыз үйлену тойы күні ағынан жарылды. Бұл жолы қыздарының мінезін тілге тиек еткен Төреғали, кішкентай ханшайымдарының өзінен аумай қалғанын айтады.

«Толқынның көмекшілері бар. Бір емес 2 қызға үш адам қарайды қазір үйде. Олардың мінездері енді маған тартқан сияқты. Кішкентай қыздарым ешкімге бой бермейді. Сондықтан, кішкентай болғаннан кейін әзірге үйде», – дейді Төреғали.

Хитмен жұбайын жұртқа таныстырғанымен, бұдан былай Толқын көпшіліктің көз алдында жүреді деген сөз емес. Бұл Төреғалидың айтқаны. Сондықтан, 25 жастағы сері алдағы уақытта қос қызы мен олардың анасын ел назарынан алшақ ұстауға бекініп отыр.

«Мен қызғыштай қорғаймын қызғалдақтарымды. Жалпы, қыз бала жасырын жүргені жақсы. Ең қымбат асыл-маржан тастар судың түбінде жатқан сияқты, асылдарымызды, қымбаттарымызды жасырын ұстауымыз керек. Бұл жолы Толқынды көріп алыңыздар. Алдағы уақытта басқалар сияқты қыздарымды дүйім жұртқа көрсетіп, Толқынды әрдайым қасымда ертіп жүремін деп айта алмаймын», – дейді әнші.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали мен Толқын 2014-ші жылдың күз мезгілінде шаңырақ көтерген болатын. Бүгінде бұл жұп екі қыз тәрбиелеп отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын

Үйлену тойында жарына арнап ән айтқан Төреғали дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Ернар әріптестерінен қалмай, әйелі жайлы толық ақпаратты өзі берді (видео)

Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар