Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойында жарына арнап ән айтқан Төреғали дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Күні кеше Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде Төреғали Төреәлінің үйлену тойы дүркіреп өтті. Дүбірлі тойға өнер әлемінің жарық жұлдыздары түгелдей дерлік қатысты. Ал жарын алғаш рет көпшілікке көрсеткен Төреш бұл тойда сүйіктісіне арнап ән шырқады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Менің Толқыным” әні – Төрештің төл туындысы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған туындының сазын да, сөзін де Төреғалидің өзі жазған.

Көпшілік жұбайының қолынан ұстап, оған деген сезімін білдіруден жасқанбаған Төрешке тәнті болды. Алайда желідегі оқырмандардың бір тобы үш жылдан кейін той жасап жатқан Төреғалидің әрекетін “мақтаншақтыққа” теңеді.

@toregalitoreali

Публикация от ЕРБОЛАТ ТӨЛЕГЕН. (@erbolat_tolegen)

Еске сала кетейік, күні кеше Төреғали Төреәлінің Алматы төрінде дүркіретіп той жасағанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар әріптестерінен қалмай, әйелін ресми түрде халыққа таныстырды (видео)

Мәди Рақымбай: Қыз баланың бірінші болып сезім білдіргені дәстүрімізге жат

Тоқтар Серіков Төреғалиді атаққа мас болмай, “жұлдыз ауруынан” сақ болуға шақырды (видео)

Төреғали мен Қайнар Алагөзов танымал журналистпен дауласып қалды

Талқылау