Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасовадан Смағұловаға: Әнші Мәдина тегін өзгертуге бел буды

Мәдина Сәдуақасованың тегі Смағұлова болып өзгерсе қалай қабылдар едіңіздер?! Көпшіліктің көзі үйреніп, құлағына сіңіп қалған әншінің фамилиясын басқаша елестету қиын. Бірақ, өнер иесі дәл осындай эксеримент жасауға бел буыпты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сәдуақасова осыдан 4 жыл бұрын, тұрмыс құрған соң сахнаға Смағұлова болып шыққысы келген екен. Тіпті жолдасы Олжастың тегіне өту туралы ұсыныс Мадинаның өз тарапынан болған. Алайда, әнші жоспары жүзеге аспапты.

“Енді ауыссаң әрине маған да, біздің әулетке де үлкен қуаныш болар еді. Бірақ, сен документтеріңді қанша өзгертсең де, халық үшін Мадина Садуақасова болып қаласың. Сондықтан, не үшін қағаз үшін бе, не қажеті бар? Сенің өзіңнің тегіңде қала бергенің дұрыс деп өзі айтты”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Гүлзира Дәрібаева! Иә, иә бұл Қайрат Нұртастың анасы! Көпшілікке Айдарбекова ретінде танымал продюсер, алғашқыда тегін ауыстырғысы келмегенімен, отағасына абайсызда алданып қалғанын айтады.

“Менің фамилияма өтпесең болмайтын заң шығыпты деп. Мен сеніп қалдым, ол кезде жаспын ғой. Ойбай, өзімнің фамилиямда қалуым керек еді. Амал жоқ қой енді, сондай заң шығып жатса деген болатынмын. Кейін айқайлап күледі «мен сені алдадым» деп. Сөйтіп өзінің фамилиясына ауыстырып алған”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ал, Шахизаданың шын тегі Шанасұрова болғанымен, әншінің құжаттағы фамилиясы Байпатшанова. Бір қызығы, әнші әлі күнге дейін алғашқы күйеуінің тегінен ауыспаған.

“Ол кезде 19 жастағы қыздармыз ғой. Білмейміз ғой көп нәрсені түсінбейміз. Енді қазір маған тұрмысқа шығып, менің фамилиямды ал, ауыстыр десе, еш уақытта, маған үйленбей кетсең үйленбей кет, сенің фамилияңды алмаймын деп айтар едім”, – дейді әнші Шахизада.

Жақында ғана үшінші мәрте ақ келін атанған әнші Керімбекова да тегін өзгерткен болатын. Бұдан былай, өнер иесі ресми түрде Ақбота Дәулетова болып сахнаға шығатынын хабарлаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

“Зың-зың”, “жоқ-жоқ”: Мақпал Жүнісова мағынасыз әнге әуес әншісымақтарды сынап тастады

Көрінбей кеткен Еркін Нұржанов денсаулығындағы ақау туралы айтты

Қайрат Нұртастың жарымен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты

Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды (видео)

Талқылау