Құрбандарын 45 миллион теңгеге алдап кеткен қазақстандық Польшадан экстрадицияланды
Фото: Видеодан скрин
45 миллион теңге ірі алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қазақстандық Польшадан экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін әкелемін деп, жәбірленушіден 45 миллион теңге алғн. Сосын қолға түскен қаржысымен із-түзсіз жоғалып кеткен.
"2025 жылдың ақпанында қазақстандық азамат Бодзентын қаласында ұсталып, Бас прокуратураның талабы бойынша туған еліне экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дедінген хабарламада.
Оның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айта кетейік, бұған дейін Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық әйел Әзірбайжаннан экстрадицияланғаны туралы жазған едік.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн