Жақында Қазақстаннан Түркияға жаңа әуе рейстері ашылмақ
Фото: flyarystan.com
FlyArystan әуе компаниясы Астанадан Анталия провинциясының Газипаша қаласына тікелей рейстер ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейс аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері – 28 мамырдан 29 тамызға дейін орындалады. Газипаша мен Анталияға чартерлік рейс билеттерін туроператорлардан алуға болады.
FlyArystan туроператорлармен бірлесіп Атырау, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Орал және Қазақстанның басқа қалаларынан Анталияға чартерлік рейстерді де ұсынады. Олар 2025 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan жолаушыны ұшаққа кіргізбей, психикалық диспансерге жібергені туралы жазған едік.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн