Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)

Сейсенбі, 24 Қазан , 2017 14:15

Төреғалидың құпиясы ашылғалы, сері жігіт дүйім жұртты тың ақпараттармен таң қалдырудан жалығар емес. Мәселен, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Төреш, бала кезде Мұқасанға еліктеп өскен. Тіпті, Шахзадаевқа ұқсау үшін, қауіпті әрекеттерге барғанын айтады.

«Мұқасанға қатты еліктегенім соншалық, айнаға қарап сахнадағы әр қылықтарын қайталайтынмын. Бала кезде Мұқасан ағама еліктеп қасымды қырып тастағаным бар. Бірақ қыз жанын ұғу үшін, қыз болып туылу керек деген сияқты, қасың қосуылу үшін дәл солай туу керек екен. Бірақ менің әкемнің қасы қосылған. Кейін ағаш шауып сол кезде қасына балтаның басы тиіп кетіп қасы жарылып қалған болатын», – дейді Ұлы дала баласы.

«Нұр-Мұқасан» дуэті бала Төрештің үйінде талай мәрте қонақ болған. Ағалы-інілді өнерпаздардың жиі жүздесуіне әкесі Төреәлі көп септігін тигізген көрінеді. Өйткені өзіндік себебі де бар…

«Мұқасан аға менің әкемнің құрдасы. Кезінде екеуі бірге театрда жұмыс жасаған. Алматыда «Бауыржан-шоудың» ең алғаш ашылып жатқан кезде бірге жұмыс жасаған. Белгілі бір себептермен әжеміз сырқаттанып, әкем ауылға қайтып кеткен болатын. Содан бері Мұқасан көкемді әке деп айта беремін», – дейді Төреғали.

Алайда, атағы аспан тұрған Төрешке, Мұқасан ағасының айтар ақылы бар. Шахзадаевтың сөзіне сенсек, халықтың қошеметіне бөленуде, одан айырылу сәті де қас-қағым деп отыр. Сондықтан, өнерпаз інісіне абыройын дер кезінде ұстап қалуға кеңес берді.

«Қазақ мақтаншақ халықпыз, мақтағанды жақсы көреміз. Ол өтірік емес. Бірақ, мені мақтап жатыр деп, бетімен кетуге тағы болмайды. Себебі, бетіңмен кеткен күнде де, халық бәрібір орыныңа қояды. Себебі халықтан үлкен емеспіз. Сондықтан танымал болу оңай емес. Ең бастысы сабыр сақтап, адамгершіліктен аттамау керек», – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Айта кетейік, Ұлы дала баласының #Айхай25 атты 5 күндік кешінде Мұқасан Шахзадаев пен Төреғали Төреәлі « Нұр-Мұқасан» дуэтінің репертуарындағы “Бақытыңды жырлайды” әнін орындаған.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты

Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды (видео)

Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)

Мақпал Жүнісова Мирас пен Құралайдың қателіктерін бетіне басты

Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар