Шенеуніктер мұғалімдерге қысым жасауды тоқтату қажет – Тоқаев
Президент оқытушыларға қойылатын талаптарды жиі өзгертіп, қысым жасауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол салалық министрлікке пікір білдірді.
"Салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы. Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек", – деді президент.
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады
Америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайын жұртына бауырсақ пен бешбармақ жасауды үйретіп жүр
София: "Жолдасым – мұсылман, ислам дінін қабылдады, ораза ұстайды"