Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарын сайлау уақытын белгіледі: Үміткерлерге қандай талап қойылады
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан сенаторларын сайлау уақытын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Senat.parlam.kz
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров үміткерлерді ұсыну 29 қарашада басталып, 14 жетоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де аяқталатынын айтты.
Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтарда 00:00-де тоқтайды.
13 қаңтар тыныштық күні, 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді. Нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін жариялайды.
"Үміткерлерді тіркеу барлық құжаттарды қабылдаған срң басталып, сайлауға 20 күн қалғанда 18:00-де аяқталады", - деді Петров.
Депутаттыққа үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы және соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрған;
- 30 жасқа толған;
- Жоғары білімі бар;
- Еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл;
- Тиісті өңір аумағында кем дегенде 3 жыл тұрақты тұрған.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған