“Ораза тұтпасаң, ауызашарға қай бетіңмен келдің?” деген Арман Қуанышбаевқа шымкенттік блогер жауап берді
Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Арман Қуанышбаевқа жауап берді.

“Екі бетіммен бардым! Анау мынау емес Шымкенттің қақ ортасындағы, Орталық мешітке бардым. Барып көрейінші, желкемнен ұстап шығарып жіберер ме екен деген оймен бардым.
Біздегі имамдардың ниеті түзу, мінезі көркем болып шықты.
Пәтуа шығарып жүрген Арман Қуанышбаев мұсылман адам мейрімді болу керек деген сөзді ұмытып кеткен-ау! Қасиетті айда зәрін шашып жатқанына қарағанда. Оразаны аш адамға бер деген Алланың үкімі жоқ! Ең бастысы ниетте! Ниетің түзу болсын деп бекер айтпаған!
“Ораза тұтпаған бізден емес, намаз оқымаған бізден емес”‘ деп шығатындар осындай уағызшылардың мүридттері!
Жасаған амалыңның керегі не, ниетің дұрыс болмаған соң!”, – деп жазды Айгүл Орынбек.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды