"Оператор РОП" бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Оператор РОП" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шнар Муктароваға іздеу жариялады. Агенттік мәліметінше, компания басшылығы және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғасып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдікке ілінген.
Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Егер оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, мына нөмірге хабарлауға болады: call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (12 720 000 теңге) дейін сыйақы көзделген. Агенттік хабарламаның құпиялығына кепілдік береді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"