"Өмірін қатерге тіккені несі": Желіде тереңдігі 7 метр суға iPhone 15 телефонын құлатып, сүңгуірмен алдырған ер адам сынға қалды
Instagram желісінде iPhone 15 телефонын тереңдігі 7 метр су түбіне құлатып алып, оны қайта алу үшін сүңгуір жалдаған ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желі кадрларынан скринделген
Желі жазбаларында ер адамның Қапшағайға балық аулауға шыққаны айтылған. Алайда кейін абайсызда iPhone 15 pro Max телефонын су астына түсіріп алған. Телефон мұз басқан судың тереңіне түскеніне қарамастан толықтай жұмыс істеп тұрған. Сонымен қатар мұз астына түсіп тәуекелге барған сүңгуірге 80 мың теңге төленгені де айтылған.
Видеоны көрген желі қолданушылар сүңгуір мен ер адамның бұл әрекетін қызу талқылады.
“Қайдағы бір телефон үшін өз өмірін қатерге тікені несі", "Мұндай телефонды балық аулауға неге апарған. Ақшасы бар болса мұндай жерге қарапайымын сатып алсын", "Сүңгуірге төлеп, көп ақша шығарғысы келген", "Әзіл шығар, телефон үшін бе? Адамдарға не болған?!” “Бір пластик үшін денсаулығын қатерге тігіп”, – деп сынады көпшілік.
Енді бірі бұған әзілмен жауап берді.
"Еуропада, Израильде, Америкада үйсіздер осындай iPhone-мен жүреді", “Бәлкім бұл азаматтың телефонында ақшасы мен сүйіктілерінің номері қалып қойған шығар", "Бұл телефонда білуге болмайтын құпия болуы мүмкін", - деді желі қолданушылары.