Олжас Бектенов өзін "Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласы" деген сыбысқа жауап берді

Премьер-министр Олжас Бектенов брифингте бұрынғы қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен туыстық қатынасы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел ішінде Олжас Бектенов экс-шенеунік Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласы дейтін сыбыс тараған. БАҚ өкілдері үкімет басшысына осы жайт бойынша сұрақ қойып, ақпараттың шындыққа жанасатын-жанаспайтынын сұрады.
"Бұл ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды. Менің қазіргі немесе бұрынғы шенеуніктермен туыстық байланысым жоқ. Ал кімнің күйеу баласымын дегенге келсек, қарапайым адамдардың, қарапайым жұмысшылардың күйеу баласымын"
Журналистер Бектеновтен қайын атасының аты-жөнін сұрағанда: Сізге аты-жөндері не үшін керек? Жеке ақпаратты таратқым келмейді", – деп жауап берді ол.
Әділбек Жақсыбеков әр жылдары президент әкімшілігінің басшысы, индустрия және сауда, сондай-ақ қорғаныс министрі, Астана қаласының әкімі болып қызмет атқарған.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”