"Өліміне дайын болмадым": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын айтып, жылап қалды
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасына қатысты жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, сұқбат кезінде жылап қалды. Өнер иесі бүгінде отағасының жоқтығы қатты сезіліп жатқанын жасырмады.
"Қайреке сияқты денсаулығын күткен адамды мен көрген емеспін. Жылына екі рет толық тексерістен өтіп, қажет вакциналарды алып тұрды. COVID-19-ға қарсы екпені де алды. Бірақ бұл дерт вакцина салғаннан кейін де жеңіл түрде өтуі мүмкін екен. Одан кейін ағзаның көп нәрсеге иммунитеті төмен болады екен. Жолдасымның өліміне дайын болмадым. Алдымен қабылдауға жету жолында құдайдың ісіне қарсы шығып, ашуланасын. Бұл күйзеліске толы кезеңнен өту үшін біраз уақыт кетеді”, – деді журналист.
Сондай-ақ медиа маманы марқұм жолдасы ұлдары Сағадат пен Сардардың көз алдында жан тапсырғанын айтты.
“Әкелерінің ақтық демі үзілгенде екі ұлы да жанында болды. Мен болмадым. Сол кезде балалар қатты қорқып қалған. Баламның мектебінің директорынан бастап, психологтарына дейін үйге келіп, көңіл айтты. Мен өзім ештеңені түсініп жатпадым, күйзелісте жүрдім. Сол кезде “Ләйлә ханым, балаларға алаңдамаңыз. Олар психологпен жұмыс істеп жатыр. Мына кезеңнен өту үшін балаларға біз көмектесеміз” деді. Қатты таңғалып, алғысымды білдірдім. Өйткені менің әкем дүниеден өткенде олай мектептің психологтары келіп, бізбен жұмыс істемеген. Әлде біздің кезімізде директор басқа болды ма?! Қатты риза болдым баламның білім алатын мектеп ұжымына”, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Еске салайық, медиа өкілі ЭКҰ арқылы қызды болғысы келетінін айтқан еді.