Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар бір күндік, бір сағаттық": Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуінің жанында жүретін жас қыздар туралы айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуінің жанында бейнебаянға түсетін жас қыздар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қайрат Нұртас

Белгілі әнші Қайрат Нұтастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуін ешкімнен қызғанбайтынын айтты. Оның айтуынша өнер иесі қызғануға себеп бермейтін көрінеді. Күйеуімен кино, бейнебаянға бірге түсетін аруларды мойындай бермейтін ол өзінің сұлулығына сенімді екенін айтты.

"Қызғаныш деген қазір мүлдем жоқ десем де болады. Ол кезде де аса ішім күйіп қызғанып көрген жоқпын. Себеп бермейді маған Қайрат. Алдаған кездері де болмады. Сенемін оған толықтай. Ал егер қасындағы әріптестеріне келетін болсақ, бейнебаянға түсіп жатқан сұлу қыздар деп жатсыз. Мен де сұлумын. Оны өзім білемін", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Алайда Жұлдыз Әбдікәрімова ол арулардың еңбегін ерекше бағалайтынын жасырмады. Ағынан жарылған өнер иесінің келіншегі оларды уақытша актриса ретінде қабылдайтынын айта кетті.

"Жасын айтып жатырсыз. Мен тек қана қасында түсетін қыздардың бейнебаян болсын, кино болсын өнерін бағалаймын. Себебі олардың еңбегі ғой. Тек қана әріптес. Басқа қабылдай алмаймын. Олар бір күндік, бір, екі сағаттық актриса деп түсінемін. Олар маған жағдай емес", - деп шорт кесті Қайраттың келіншегі.

Талқылау