Нұр-Сұлтандағы стадионды 5 млн теңге пара үшін апатты деп таныған
Нұр-Сұлтандағы стадионды 5 млн теңге пара үшін апатты деп таныған, деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады", - делінген агенттіктің сейсенбі күнгі хабарламасында.
- Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатыр
- Шығыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүргізушілерден пара алған
Сонымен қоса күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайтыны айтылған.
Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"