Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленді
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін ортақ орындар мен жүру жолын белгіледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылды.
Біріншісі - аумағы 4380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.
Екіншісі - мың адам сыятын, аумағы 2064 шаршы метрді құрайтын "Астаналық цирк" жанындағы алаң.
Үшіншісі - аумағы 1695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам сыяды.
Төртінші бағыттың ұзындығы - 2055 метр. Ол Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасады.
Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды