Нұр-Сұлтанда 16 желтоқсанда отшашу болмайды
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болмайды деп мәлімдеді. Мерекелік салтанат кезінде астаналықтарды санитарлық талапты сақтауға шақырды.

«16 желтоқсанда мерекелік отшашулар болмайды. Азаматтарды барлық санитарлық нормаларды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және маска киюге шақырады», - деді министрлік қысқаша.
Естеріңізге сала кетейік, елордада Жаңа жылға орай корпоративтік кештер де тоқтатылды. 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан коронавирусқа қарсы «қызыл» аймаққа кірді. Дәрігер себептерін түсіндірді.
Жаңа қатаңдату шаралары әлі қабылданған жоқ, МАБ шешімі және санитарлық дәрігердің шешімі күтілуде.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елордадағы сауда ойын-сауық орталығы жабылып, бақылау бекеттері орнатылатыны туралы хабарлады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды