Нұр-Сұлтан тұрғындарының жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желілерде елордадағы бірнеше азаматтың жаппай төбелесі түсірілген видео таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция хабарлауынша, оқиға таңғы сағат 05:15-те Қабанбай батыр даңғылында орналасқан BaoBao түнгі клубының алдында болған.
"Патрульдік полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың бәрін ұстап, Есіл ауданының полициясына жеткізді. Жастар сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Ұсталғандардың бәрі мас болған. Олардың үстінен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", – делінген ПД хабарламасында.
Төбелес бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Түнгі клуб иесі карантин режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр