Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Айдарбеков алғаш рет келінінің мінезі туралы айтып берді

Жуырда Қайрат Нұртастың туған бауыры үйленіп, әулеттерінде үлкен той болды. Бауырының өнерге қатысы жоқ болса да, тойға қазақстандық шоу-бизнестің барша “қаймағы” жиналды. Той мен жаңа келіні туралы Нұртас Айдарбековтың өзі айтып берді.

20066029_1517760981631574_8050330886798835712_n

Сурет: Нұртас Айдарбековтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Бүгін қаншама халық келіп сыймай жатыр. Жора-жолдас, туған-туыс, ағайынның арасында кішкентай да болса абыройымыз бар екен ғой деп жұбайым екеуіміз қуанып жатырмыз. Аллаға мың да бір шүкір! Ақтөбе, Қызылорда, Астана, Алматы, Шымкент және т.б. қалалардан туысқандарымыз келіп жатыр. Келінім өте керемет, нәзік. Жалпы Аянымның балабақшасы мен мектебі орысша болды. Өзім іштей келіншегі қандай болар екен деп ойлап жүретінмін. Келінім өте аңғал, бойында ешқандай да кемшілігі жоқ. Қазақта “Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда барады” деген жақсы сөз бар. Құдай қаласа, бұлар да жақсы болатын шығар деген ойдамын. Ал құдаларым Астананың төрінен. Қазақ болған соң, руға бөлмей тұрмаймыз. Өздері – Арғын”, – дейді ол.

Жеңгесінің көңілінен шыққанын Қайрат Нұртастың кенже бауыры да жасырмады. Мұнымен қатар, ол Айдарбековтер әулетінде көп ұзамай тағы бір тойдың болатынын айтып өтті.

“Ол мені Еркебала деп атайды. Үйде компот жасайды, түрлі-түрлі тәтті торттар пісіреді. Анасы үйреткен тағамдардың барлығы керемет. Ағам мен жеңгем бір-бірін қатты жақсы көреді. Екеуі бір-бірін 4-сыныптан бастап таниды. Бастапқыда “Әке, мен үйленемін” деген кезде біз түсінбей қалдық. Артынша бұл шешімін қабылдадық. Құдай қаласа, өзім ендігі жылы тамыз айында үйленуді жоспарлап отырмын”, – дейді Заңғар Айдарбеков.


Жіберіп алмаңыз:

«Өнер қырандары» театрының басшысы Мадиярға әйелі естен кетпес тосынсый жасады (фото, видео)

Немере сүйіп отырған Бақыт Шадаева әлі де тұрмысқа шығудан үмітті екенін айтты

Қайрат Нұртастың бөлесі Ақерке Тəжібаева сүйіктісіне өзі бірінші болып қадам жасағанын айтты

Жұлдыз Өмірғали Айқынға ұл туып берді

Талқылау