"Ажырасқандар қайта табысады": Жұлдыздар қазан айында кімдердің махаббаттан жолы болатынын айтты
Астрологтар қазан айында жұлдыз белгілеріне қызығушылықтарына және жеке өмірге көңіл бөлуге кеңес береді. Сондай-ақ өміріңіздің қай саласын дамытып, керісінше қайсысынан арылу керегін түсінетін уақыт келді дейді жұлдыздар. Келер ай кей адамдардың жеке өмірі сынақтарға толы болмақ. Stan.kz тілшісі қазан айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
Фото: pexels.com
Тоқты
Қазан айында тоқтылардың кәсібінде маңызды өзгерістер болады. Жемісті кездесулер мен нәтижелі келіссөздер күтіп тұр. Егер жұмыс орнын өзгертуді жоспарлап жүргендер болса, жұлдыздар ойланбастан тәуекел етуге кеңес береді. Тоқтылар жеке өмірінде де махаббат пен үйлесім табады. Эксперименттен қорықпаңыз, десе де көзсіз тәуекелге барудан да абай болыңыз!
Торпақ
Келер ай торпақтар үшін сүйіспеншілікке толы болмақ. Бұрын некеде болған ерлі-зайыптылар қайта табысып немесе мүлдем басқа адамды жолықтыруы мүмкін. Іскер, шығармашылыққа жақын торпақтардың қабілеті дами түседі. Әсіресе, жазушы, журналист, фотограф, композитор, дизайнер, режиссер мен хореографтар. Сондай-ақ берешегі көп жұлдыз белгілері алдағы уақытта қарыздарынан құтылса, енді бірі қаржы сауатына бет бұрып, ақша жинай бастайды. Торпақтар, өздеріңізді істеген жұмысыңыз үшін мақтап тұруды ұмытпаңыз.
Егіздер
Қазан айында егіздер жайлылықты аңсайды. Кейбіреуі жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, ал басқалары асүйге жаңа диван немесе перде сатып алып, көңілін аулайды. Кәсібінде өзгерістер болуы ықтимал. Егіздер жұмыс жүктемесіне және жауапкершіліктің көбеюіне дайын болуы керек. Мұның өз артықшылығы бар, жүктемелермен қоса кірісіңіз бен ақшаңыз да өседі. Жұлдыздар егіздерге диетаға мән беру керегін айтады. Сондай-ақ белгісіз, бұған дейін дәмін татып көрмеген тағамдардан аулақ болуға кеңес береді.
Шаян
Жұлдыз жорамалға сенсек, қазан айында шаяндарды демалыс күтіп тұр. Біреуі демалысқа шығады, енді біреу жұмыстағы қарбаластан құтылып, шат-шадыман өмір сүруін жалғастырады. Келер ай шаяндар үшін қуаныш пен сергектікке толы болмақ. Алайда жұлдыздар қаржылай жағдайға келгенде ысырап етпеуге кеңес береді. Кез келген жобаларға ақша салмаңыз немесе қарызға ақша бермеңіз. Жалпы үлкен инвестиция жасаудан аулақ болыңыз.
Арыстан
Келер айда арыстандар материалдық мәселелерге бас ауыртпайды. Бұл олар үлкен мұраға немесе қазынаға ие болады дегенді білдірмейді. Десе де, қазан айында қаржылай жағдайыңызды қалыптастыратын көптеген мәселелер шешімін табады. Кездейсоқ сөздер немесе тіпті өзіңіз қажетсіз деп тапқан кеңестерге құлақ түріңіз. Денсаулықты да ұмытпаған абзал. Артық жұмыс істемеңіз. Дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, диетаңызды бақылаңыз және таза ауада демалу керегін де естен шығармаңыз
Бикеш
Бикештер қазан айында көп нәрсені өзгерткісі келіп, әрекет етеді. Ол гардеробын, түгел имиджін өзгертіп немесе мүлдем басқа елге көшіп кетуі мүмкін. Келер айда бикештердің жеке өмірі де жағымды өзгерістерге толы болмақ. Ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғандар бір-біріне алғаш көргендей ғашық болып, сезімдерін одан әрі нығайта түседі. Астрологтар бикештерге дер кезінде дәрігерге көрініп, денсаулығын қолға алуға кеңес береді. Уақытылы емделмеген жеңіл тұмаудан да қатты ауырып қалуыңыз мүмкін. Сондай-ақ эмоцияңызға сізді басқаруға жол бермеңіз.
Таразы
Таразыларға қазан айында саяхаттап, алыс жолға шығуға мүмкіндік туып тұр. Ал кәсіби тұрғыдан келер ай қиындықтарға толы болмақ. Жүктемелер мен жауапкершілік өскенімен, айлық соған сәйкес артпауы мүмкін. Жұмыстағы өзгерістерді басшылықпен талқылап, өз мүдделеріңізді қорғаудан тартынбаңыз.
Сарышаян
Келер айда сарышаяндардың табысы өсуі ықтимал. Бірі қызметте көтерілсе, енді біріне бұрыннан қолға алған жобасы жақсы табыс әкеледі. Басқалары тіпті аяқасты мұраға ие болуы мүмкін. Алдағы уақытта сарышаяндардың қызығушылығы өзгеруі ықтимал. Тағы біреуі басқа елге қоныс аударуы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда да қаржылай жағдайыңызды ескеріп барып, ақша жаратыңыз. Не болса да, сыртқы өзгерістердің сіздің ішкі жан дүниеңізге әсер етуіне жол бермеңіз.
Мерген
Жұлдыздар мергендерге бұған дейін бастаған жобаларын аяқтауға және сізді мазалаған қарым-қатынастың басын шешіп алуға кеңес береді. Сондай-ақ қазан айы мергендер үшін сәтті әрі табысты болмақ. Ал жеке өмірінде әзірге ешқандай өзгерістер болмайды. Себебі өзгелер көңілін білдірсе де, мергендер мұндай ұсыныстан бас тартып, керісінше достарымен уақыт өткізуді жөн көреді. Келер айда спортпен шұғылданғаныңыз, ұстаған диетаңыз және дәрумендеріңіз оң нәтиже береді.
Тауешкі
Қазан айы тауешкілер үшін қарбаласқа толы болмақ. Десе де, оның нәтижесі өміріңіздегі жағымды өзгерістерге әкеп соғады. Сондай-ақ келер ай оқуға, жаңа дүниелерді үйренуге және біліктілікті арттыруға қолайлы уақыт. Жұмыста басшылықпен келіссөз кезінде ұстамдылық танытқаныңыз жөн. Сөзге келмес үшін әңгіменің тігісін жатқыза сөйлесіп, дипломатиялық дағдыларыңызды көрсететін уақыт келді. Тауешкілерді қызық сапар күтіп тұр. Өзіңізбен өзіңіз қалуға жақсы мүмкіндік туып тұр.
Суқұйғыш
Келер айда суқұйғыштар жақындарымен немесе алыс туыстарымен қарым-қатынасын реттейді. Бұған дейін өзін мазалап жүрген дау-жанжалдарға нүкте қояды. Жалпы қазанда суқұйғыштарды жағымды өзгерістер күтіп тұр. Тіпті өмірге деген көзқарасыңыз бен мінез-құлқыңызды өзгертетін жағдайлар да болуы мүмкін. Есіңізде болсын, трансформациядан ләззат алуға болады.
Балықтар
Қазан айында балықтарды кәсібі мен жеке өмірінде көптеген өзгерістер күтеді. Көбіне қызық жобалар мен ұсыныстар түседі. Бұл салада табысқа жету үшін сіз белсенді әрі жігерлі болуыңыз керек. Балықтар өмірілік серігін кездестіреді. Ал отбасылы немесе сүйіктісін тапқан балықтар қарым-қатынаста жіберген қателерін ой елегінен өткізіп, оны түзеуге әрекет етеді. Жұлдыздар балықтарға өз қызығушылықтарынан бас тартпауға және өз қалауын тұншықтырмауға кеңес береді.