Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алаяқтық сомасы 3 миллиард еуро болған": Nestle нәжіс қосылған су сатты деп айыпталды

Nestle корпорациясы миллиард долларлық алаяқтық жасады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mediapart басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Romsann.ru

Француздық басылымның зерттеуіне сәйкес, компания ондаған жылдар бойы нәжіспен ластанған көздерден алынған суды сатқан.

"Nestlé ондаған жылдар бойы "табиғи минералды сумен" ешқандай байланысы жоқ миллиардтаған бөтелке су сатқан. Ал бұл ақпараттан Франция, Еуропа және бүкіл әлем, тіпті тұтынушылар да мүлдем хабарсыз болды", – деді Тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығының қызметкері Ингрид Крагл.

Зерттеушілер француз бұлақтарындағы судың нәжіспен, ішек таяқшаларымен және пестицидтермен ластанғанын анықтады. Nestle тыйым салынған сүзу әдістерін қолданып, оны табиғи минералды су ретінде сатып келді. Оның ішінде S.Pellegrino және Perrier сияқты премиум брендтер де бар. 

Сарапшылардың айтуынша, кейінгі 15 жылда алаяқтық сомасы 3 миллиард еуро болған. Foodwatch кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.

Еуропалық комиссия келесі аптада Франция билігінің бұл істі қалай қолға алғаны туралы баяндаманы жариялауды жоспарлап отыр. Nestle тағылған айыптарды жоққа шығарды және зерттеу нәтижелерімен келіспейтінін жеткізді.

"Біз Mediapart-тың сандары мен есептеу әдісін мүлде қабылдамаймыз", – деді Nestle өкілі немістің Bild газетіне.

Талқылау