Қытай армиясының басшылығы әскерді соғысқа дайындалуға шақырды
Қытай Халық азаттық армиясының (ҚХА) басшылығы сарбаздарды соғысқа дайындалуға шақырды. Қытайдың 80-Құрама қарулы армиясының Weibo әлеуметтік желісіндегі аккаунтында қысқаша хабарлама жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі Global Times басылымына сілтеме жасап.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға жоспарланған сапары аясында екі таңбалы "Соғысқа дайындал!" жазбасы әлеуметтік желіде 12 сағат ішінде 300 000-нан астам лайк пен 19 000 пікір жинады.
Постқа жазылған түсініктемеде Қытай армиясының өкілдері оның ҚХА құрылғанының 95 жылдығына орайластырылғанын түсіндірді.
Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушылары бұл үндеуді қолдап, оң пікірлерін қалдырып: "ҚХА сарбаздары, шайқасыңыздар! Біз сіздерді қолдаймыз, жігіттер!" деген сынды ойын жазған.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын ядролық қару күштерін жұмылдыруға дайын екенін жариялады
Қытай армиясының кейбір ардагерлері қажет кезде армияға қайта оралуға әрқашан дайын екендіктерін айтты. Ал кейбір қолданушылар Тайвань бұғазының екі жағы тезірек қайта бірігуін тіледі.
Бір күн бұрын Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескен кезде Қытай сепаратизмге және "Тайвань тәуелсіздігіне", сондай-ақ сыртқы күштердің кез келген түрдегі араласуына үзілді-кесілді қарсы екенін айтты.
Бұған дейін Қытайдың Гуандун провинциясы жағалауында Оңтүстік Қытай теңізінде екі күндік әскери жаттығулары бастағаны хабарланған болатын. Бұл әрекет Нэнси Пелосидің Азияға сапарының басталуынен байланысты. Бұл сапар аясында ол Тайваньға да баруы мүмкін.