Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 50 градустық ыстық тіркелді

18 шілде күні Маңғыстауда ауа температурасы 50 градустан жоғары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетібайда жұмысшылар 50 градус ыстықты көрсетіп тұрған өлшеуіш құралды суретке түсіріп алған. Халықтың айтуынша, олар аптап ыстыққа қарамастан далада жұмыс істеген.

"ЖетібайМұнайГаз" кен орындарында кеше және бүгінде "OSC", "Ақтаурантехсервис", "Вест Ойл", "МаңғыстауМұнайГаз" және шағын жеке компаниялар жұмысты жалғастыруда", - дейді видео авторы.

Ауа райы болжамы бойынша, бүгін, 18 шілдеде сағат 17:00 шамасында өңірдегі ең жоғары ауа температурасы Тұщықұдық ауылында байқалды. Ол жерде ауа температурасы +46 градусқа дейін көтерілген.

Gismeteo ауа райын болжау сайтының хабарлауынша, аптаның соңына қарай Маңғыстауда ауа температурасы Шетпе, Жетібай және Жаңаөзен ауылдарында ең жоғары температураға (43 градус), Бейнеу ауылында 44 градусқа жетеді. Ақтауда термометр 34 градусқа дейін көтеріледі.

Талқылау