AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сауда үйіне бомба қойылды" деген Өскемен тұрғыны үш жылға сотталды

Өскеменде сот 21 жастағы жігітке үкім шығарды. Ол мас күйінде 102-ге қоңырау шалып, сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 2 қаңтарда Үлбі полиция бөлімінің 102 жедел арнасына белгісіз жігіт қоңырау шалып, қаланың сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтқан.

“Хабар алғаннан кейін дереу оқиға орнына мамандандырылған қызметтер шықты. Тексеру кезінде жалған ақпарат берілгені анықталды. Полиция Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тергеу жүргізді. Биыл 24 наурызда жалған ақпарат берген тұрғынға қатысты үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Биыл үш айдың өзінде полиция басқа арнайы қызметтермен бірлесіп, тексеру барысында осындай төрт қоңырауды тексерді.

Сондықтан полиция департаменті қоғамдық резонансты ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Оның санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске сала кетсек, наурыздың соңында жарылғыш құрылғылар туралы бірнеше жалған хабарлама түскен. Мәселен, Нұр-Сұлтанда әуежай, "Хан Шатыр", Mega Silk Way және "Сарыарқа" ірі сауда-ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ My car және Lexus автосалондары миналанғаны айтылды.

Қарағандыда ер адам ХҚКО-да жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр