Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы Маугли балалар: Оқиғаның адам шошырлық жалғасы айтылды

Жақында Павлодар облысында еріктілер пәтерлердің бірінен денелері ісініп, аяқ-қолдары бұралып, жүре алмай аш қалған төрт кішкентай баланы қалай тапқандарын айтқан болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еріктілер оларға дереу жедел жәрдем шақыртқан. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер балаларды шұғыл түрде ауруханаға жатқызды.

Бұдан соң еріктілер осындай тұрмысы нашар отбасылар туралы хабарлауды сұраған. Көп күтпей қоңырау да келіп түсті. 

"Хабарламада  ауылдардың бірінде маскүнем ана баласын үнемі суық үйде тастап кетіп отырғаны айтылды. Онымен қоса үйде баланың анасының әке-шешесі де тұрған. Олар да ішікіш көрінеді. Бала өзімен-өзі суық үйде тоңып қала берген", - дейді еріктілер.

Ең қызығы, еріктілер бұл отбасының екібастұздық "мауглилердің" туыстары екенін анықтаған. 

"Бір жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды және оның Екібастұзда қиын жағдайда табылған төрт баланың анасының сіңлісі екені белгілі болды", - деп мәлімдеді еріктілер.

Олар дереу мемлекеттік органдармен байланысқа шығып, мекен-жайға арнайы топ келген. 

Бір жасар бала құтқарылды. Қазір бөлелері сияқты ауруханада жатыр. Анасы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Еріктілер павлодарлық полицейлерге олардың өтінішіне жедел жауап бергені үшін алғыс білдірді.

Талқылау