Ер адамдарды өзіне ғашық қылып, үйлеріне көшіп, артынша тонаған: Алматыда жәбірленушілер іздестіріліп жатыр
Алматыда 44 жастағы шетелдік әйел ер адамдардың сеніміне кіріп, артынша тонап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол Алматыда уақытша тұратын 44 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Әйел ер адамдармен танысып, сенімдеріне кіріп, "жәбірленушінің” үйіне көшіп барып, бірнеше күннен кейін телефондарын, ақшасын, кез келген құндылығын алып кеткені анықталды.
"Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматшаның қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жалғасуда. Қазіргі уақытта оған екі қылмыс бойынша айып тағылуда", – деді Алатау облыстық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Полиция қызметкерлері осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 227-55-02; 8-747-482-22-83.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен