Балқашта 27 жастағы анасы мен ұлы жоғалып кетті
Балқашта 27 жастағы келіншек пен ұлы жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

13 мамырда күні 35 жастағы Балқаш тұрғыны полицияғы хабарласып, 27 жастағы сіңлісі бес жасар баласын аламын деп балабақшадан кеткеннен оралмағанын айтып арыз түсірді.
Белгілі болғандай, жоғалып кеткен келіншек медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Осыған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған көрінеді. Келіншек өзімен бірге ұйялы телефонын алып кетпеген.
Қазіргі уақытта Балқаш қалалық базасының полиция қызметкерлерінің ішінен бес іздеу тобы жоғалып кеткен әйел мен баланы іздеуде.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған