Мектеп оқушысы қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесу үшін ұзын шаш өсірген
Ұлыбританияда Берти Пилкингтон есімді 12 жастағы бала ауру балаларға көмек көрсету қорына сыйға тарту үшін шашын ұзын етіп өсірді. Ол шашын тек бір рет қана қиған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме беріп.

Мектеп оқушысы шашын Little Princess Trust қорына өткізуді шешкен. Онда қатерлік ісікпен ауыратын балаларға парик жасап шығарады.
"Ол бастауыш сыныпты бітірген соң (бесінші сыныптан кейін) кеспек болған, бірақ кішкене күте тұруды шешкен. Көбірек күтсе, ақшасы да көбірек болатын еді. Ол маған қарағанда батылырақ", - деді анасы Джо Мантинг.
Баланың анасының айтуынша, ол шашын иығына дейін кесуді жоспарлап отыр. Ол спортпен жиі айналысады, сондықтан шашы оған кедергі болады.

Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды