Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бизнес по-казахски" киносын Түркия өз тілінде түсіретін болды: Қоянбаев сүйінші жаңалығын айтты

Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахский" киносының бесінші бөлімін Түркияда түсірмек. Одан бөлек бұған дейін жарық көрген туындыны түрік елі өз тіліне аударып қайта түсіреді. 

Бұл туралы Нұрлан Қоянбаевтың өзі желіде тікелей эфир арқылы хабарлар етіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. 

Актердің айтуынша, Түркияда қазақтың екі киносы түсіріледі. Бірін түрік режиссерлері өздері түсірсе, бірін Қоянбаев өзі таспалауды жоспарлап отыр. 

"Бизнес по-казахский" фильмін Түркияда түсіреміз. Бұл фильмнің бесінші бөлімі. Бұған дейінгі шыққан картинанын түрік режиссерлері өз тіліні аударып, өздері түсіреді. Оларға түрік тіліне аударып жібердік. Көңілдерінен шықты. Бір жыл бойы осы келіссөзді жүргізіп келеміз. Түркияда түсіретін картинада Жахан ойнайтын болды", - деді Қоянбаев.

Бұған дейін Жахан мен Қайрат Әділгерейдің арасында рөл үшін талап болып, желіде қызу талқыға түскен еді. 

"Қызық Times" бағдарламасында берген сұхбатында Қоянбаев Қайрат Әділгерейдің де рөл сомдайтынын айтып қалды. 


Тұрсынбек: Нұрланды қорқытам деп төсегінің астына кірдім де, таңға дейін ұйықтап қалыппын

Талқылау