ДДСҰ: "Коронавирустың пандемиялық қаупі нақты бола бастады"
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус планетада жаңа қытай вирусының таралуы пандемияны тудыруы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұл қауіпті өте нақты деп атады.
"Қазір жаңа коронавирус көптеген елдерге таралғаннан кейін, пандемия қаупі анағұрлым нақты бола бастады. Бірақ бұл тарихтағы бақылауға болатын алғашқы пандемия болады", - деді Тедрос Адхан Гебрейесус.
Сонымен қатар, ол Қытайда жаңа вирусты жұқтырғандардың 70 пайызы емделіп шыққанын атап өтті. Гебрейсус Оңтүстік Кореяда аурулар санының азайғаны байқалғанына назар аударды, сондай-ақ Италия билігінің коронавирусты емдеуге бағытталған шараларын оң деп бағалады.
ДДСҰ басшысы барлық мемлекеттерге аурумен күресу үшін қажетті шаралар қабылдауды ұсынады.
Ал ұйым мәліметтері бойынша, әлемнің 104 елінде 109 мың 343 адам жаңа коронавируспен ауырған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"