"Жұмысқа тұрып, ақша жинап жатырмын": 5 жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйел дағдарыс орталығында өмірі қалай өзгергенін айтты

Қазақстандық “Жан-Сая” дағдарыс орталығына осы жылдың басынан бастап 248 әйел жүгінген. Орталық аналар мен балаларға пана болып, олардың аяққа тұрып кетуі үшін жан-жақты көмек көрсетіп, қауіпсіздікте өмір сүру мүмкіндігін беріп отыр. “Жан-Сая” дағдарыс орталығының заңгері Гүлшара Сапарова Stan.kz редакциясына берген сұхбатында ана мен балаға қандай көмек көрсетілетінін және зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қандай әрекет жасау керегін айтып берді.
Гүлшара ханымның айтуынша, “Жан-Сая” дағдарыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қабылдайды. Орталық – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйырығымен бекітілген арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік мекеме.
“Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек физикалық тұрғыдан ұрып-соғу ғана емес, ол сондай-ақ психологиялық, экономикалық дәне сексуалдық зорлық-зомбылық болып бөлінеді. Осы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмектесеміз. Қазақстанда әрбір үшінші әйел зорлық-зомблықтың құрбаны. Ал әрбір алтыншы бала сол зорлық-зомбылықтың куәгері. Сондықтан 90%-дан аса зорлық-зомбылықты әйелдер көретін болғандықтан мемлекет тарапынан республикалық дәрежедегі қалаларда және облыс орталықтарында осындай дағдарыс орталықтары ашылған. 2026 жылы осы уақытқа дейін 248 адам дағдарыс оралығына жүгінді. Оның 87-сі – әйел, 161-і – бала. Қазір орталықта 45 адам тұрып жатыр. Оның ішінде 12 әйел, 33 бала бар”, – дейді заңгер.
Алматыда орналасқан орталық 52 адамға арналған. Стандартқа сәйкес, орталықта ана мен бала уақытша, яғни 2 сағаттан бастап 6 айға дейін тұра алады.
“Орта есеппен, келушілер 1-2 ай тұрады. Көбіне, жұмысқа шығып кетеді, күйеуімен татуласады, туыстары көмектесетіндер бар немесе 1-2 ай жұмыс істеп, ақша жинап пәтер тауып шығып кетеді. Шетелдік азаматтар болса өз еліне қайтып кетеді. Сондықтан әр әйелдің жағдайы жеке қаралады және тұру мерзімі де соған сәйкес белгіленеді. Егер әйел 6 ай ішінде аяққа тұрып кете алмаса, “Ана үйі” немесе жеке дағдарыс орталықтарымен келісіп, ана мен балаларды сол жаққа жібереміз. Бірақ ешкімді далаға тастамаймыз, қиын жағдайда болса жеке серіктестерімізден көмек сұрап, пана тауып береміз”, – дейді Гүлшара Сапарова.
Загердің айтуынша, бұл мемлекеттік мекеме болғандықтан барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Орталықа арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық көмек көрсетіледі, балаларды біліммен қамтамасыз етеміз дейді орталық қызметкері.
“Біздің орталыққа мемлекет тәркілеген коттедж үйді берген. Бір үлкен бөлмеде 1-2 отбасыдан тұрады. Аналар таңертең жұмысына шығып кетеді, кешке келеді, балалар сабаққа барады, қауіпсіз жерде өмір сүріп жатыр. Орталықтағы кей әйелдер жұмыстан бөлек, кәсіби білім алу үшін 1-2 айлық курстарға барады. Орталық екі мектеппен келісімге отырған. Сол екі мектеп балалар орталыққа тоқсан ортасында келсе де, жылдың соңында келсе де оларды қабылдап, оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек еңбек терапиясы деген бар. Балалар мен аналарға арнап әдейі шеберлік сабақтарын өткізеді немесе басқа да қолөнер мамандарын шақырып сабақ өткіземіз. Одан бөлек экономикалық көмек көрсетеміз. Оның ішіне ана мен балалардың киімдері, жуынатын заттары, қажеттіліктері кіреді. Ана мен балалар орталықта тегін тұрады және олар күніне бес мезгіл тегін тамақтанады. Мектепке баратын балалардың де киімдері, мектеп формасы, кеңсе тауарлары тегін беріледі. Біздің мекеме мемлекеттік сатып алу платформасына қатысып, сол мемлекеттен бөлінген қаражатқа сәйкес қажет заттарын түгендейміз. Қыс мезгілінде ауырып келген ана мен бала болса оларды 1-2 аптадай бөлек бөлмеге орналастырамыз. Ем алып, өздеріне келген соң ортақ бөлмеге орналасады. ”, – дейді дағдарыс орталығының заңгері.
Алайда орталықта мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаға орналастыру мүмкіндігі әзірге жоқ. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз дейді Гүлшара ханым.
“Өйткені кішкентай балалары бар аналар көп. Орталықта балаға қарайтын күтушілер жоқ болғандықтар әйелдер жұмысқа шығу жағынан қиналып қалады. Сол себепті Еңбек министрлігіне жеке орталық ашсақ немесе штатты кеңейтсек деп ұсыныс тастап, хат жаздық. Тым болмаса, мемлекеттік балабақшамен орталықтағы балаларды қабылдайтындай келісім жасасақ дейміз”, – деп алдағы жоспарлары туралы айтты Гүлшара ханым.
Дағдарыс орталығы аналарда жұмыспен қамтуға көмектеседі. Орталықтың серіктестерімен байланысып, бос жұмыс орындарын жариялайтын бағдарламадан жақсы ұсыныстар қарастырылады. Одан бөлек арнаулы әлеуметтік көмегін, жәрдемақысын ала алмай жүрген аналарға болысып, құжаттарын түгендеп жәрдемдеседі.
Ана мен балалардың қауіпсіздігі де орталықтың назарынан тыс қалған емес. Мұнда тәулік бойы қарауылдайтын қызметкерлер жұмыс істейді. Аймақта бейнебақылау камералары орнатылған. Орталықтың мекен жайы еш жерде жарияланбайды, тек зардап шеккен әйел өз хабарласып көмек сұраса ғана, мекен жайды жәбірленушіге айтады. Егер агрессор, орталық тұрғындарының жақындары келіп, мазаны алатын болса күзет бірден полицияға хабарласады.
“Егер әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, бірінші полицияға хабарласып, шағымдану керек. Сенім телефонына хабарласса болады. Бізге үйдегі ұрыс-керісті естіген көршілері хабарласқан жағдайлар болған. Ондай кезде мекен жайды алып, полицияға береміз. Сондай-ақ қашуға дайындалып жүрген аналар болады. Ондай жағдайда орталықтың телефонына немесе сенім телефонына хабарласқаны дұрыс. Біз оларға қажет киімдерді, құжаттарды адайындап, қауіпсіз уақытта үйден шығып кетіп, орталыққа қалай жетуді түсіндіреміз. Кейін полицияға хабарласыпғ жағдайды анықтайымз. Жәбірленуші арыз жазса да, жазбаса да өз еркі. Бірақ зорлық-зомбылық дерегі тіркелген соң полиция өзіне міндеттелген жұмысты істейді”, – деп кеңес берді Гүлшара Сапарова.
Заңгер ссы уақытқа дейінгі тәжірибемде түсінгенім, орталыққа бірінші рет түскен әйелдердің 30-40%-ы өз үйіне қайтып барады дейді. Олардың үштен бірі біздің орталыққа бірнеше рет келеді екен. Бұл әр түрлі факторларға байланысты болады: қарым-қатынасқа тәуелділік, қаржылай тәуелділік, агрессордың тарапынан бопсалау. Сенімсіздік пен белгісіздіктен, тұрақтылықты жоғалтып алудан қорқу сезімдерінен әйел абьюзерлік қарым-қатынастан шыға алмай қалуы мүмкін дейді орталық қызметкері.
“Жан-Сая” дағдарыс орталығында тұрып жатқан әйелдердің бірі Stan.kz редакциясына сұхбат беріп, орталыққа қалай келгенін, не себеп болғанын баяндады. Оның айтуынша, дағдарыс орталығы оған соңғы рет бұрынғы күйеуі ұрып, ауруханаға түскенде хабарласқан.
“Мен тұрмысқа шыққанда күйеуім жақсы адам болып көрінді. Бір жылдан кейін жөн-жосықсыз айыптау, ұрып-соғу, себепсіз қызғаныш басталды. Мұндай қысымды ол маған ғана емес, жұмысында да, анасына, қарындасына, туған-туысқандарына да көрсететін болды. Мен 5 жыл бойы мұны сынақ деп қабылдап, оған қолдау көрсетуге тырыстым. Бірақ соңында өз басымның амандығы үшін дағдарыс орталығына кетуге шешім қабылдадым. Ортақ некеден 3 жастағы баламыз бар. Ол әке-шешесінің арасындағы жанжалды өз көзімен көрді. Негізі күйеуімнің барлық әрекетіне сол балам үшін шыдап келдім, әкесіз өспесін деп ойладым. Бірақ соңғы жағдайдан кейін ол қатты психологиялық жарақат алды. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр”, – дейді келіншек.
Ол орталыққа келгенге дейін мемлекет тарапынан ана мен балаға осындай көмек көрсетілетінін білмеген. Келіншек мұнда мекеме басшысы өзін жылы қарсы алып, қауіпсіз жерге келгенін түсіндірген.
“Мекеме бізді киіммен, жуынатын заттар мен ұсақ-түйек қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Бес уақыт тамақ береді. Келгеннен кейін екі күн демалып алып, мұндай психологтармен жұмысты бастап кеттік. Соның арқасында жағдайымыз жақсарып, жанымыз тыныштық тапты. Алдағы уақытта жүзеге асырамын деген жоспарларым бар, қадамым нық. Қазір орталықта тұрып жатқаныма бір айдан асты. Дипломым бойынша орталықтың мамандары маған жұмыс тауып беруге көмектесті. Бұйырса, осы жылы қыркүйек айынан бастап мұғалім болып жұмысқа кіремін. Алдағы 3-4 ай ішінде аяққа тұрып кетемін деп ойлаймын”, – дейді әйел.
Айтуынша, оның мұнда келгендегі мақсаты – үй алудың әрекетін жасау. Мамандар оның жағдайында қандай бағдарламамен үй алуға болатынын айтып, кеңес берген.
“Олардың көмегімен тұрғылықты мекен жайымды Алматыға өзгертіп, жұмыс тауып, шот ашып, ақша жинай бастадым. Мен орталықта толық қауіпсіз сезінемін”, – дейді орталық тұрғыны.
Әйел зорлық-зомбылық көріп жүрген қыз-келіншектерге соққы мен қысымға төзбеуге шақырды. Ұзақ уақыт үнсіздіктің соңы өлімен аяқталуы мүмкін екенін ескертті. Мұнда баланың да психологиялық жағдайын да ойлау керек дейді. Ол мемлекеттің қолдаумен әйелдерді өзін қорғауға, жаңа өмір бастауға шақырды
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді