Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непалда құтқарушылар үйінді астында 10 күн жатқан әйелді құтқарып алды

Непал әйел
Фото: Непал полициясы

Непалда әйел төрт қабатты үйдің жоғары қабатынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

64 жастағы Чандика Шрестха Бидур муниципалитетінің №10 ауданындағы Бетравати елді мекенінің тұрғыны. Ол 26 тамызда Бхотекоши өзені алабында кенеттен су тасқыны болып, тұтас елді мекендерді шайып кеткен кезде отбасының төрт мүшесімен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қарулы полиция күштерінің хабарлауынша, Нувакоттың Бетравати елді мекенінде үйінділердің астында қалған төрт қабатты үйдің жоғарғы қабатында әйел 10 күн жатып қалған.

Полиция мәліметінше, Чандика Кумари Шрестха сенбі күні Бидур муниципалитетінің №10 ауданындағы Ананд Шрестхаға тиесілі үйден ес-түссіз күйде табылып, құтқарылды.

Құтқару операциясын инспектор Суман Кумар Б.К. жетекшілік ететін Қарулы полиция күштерінің тоғыз қызметкерінен құралған топ жүргізді.

Еске салайық, бұған дейін Непалда 26 тамызда болған жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан жүздеген адам қаза тауып, жүздегені хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апат елдің солтүстігіндегі елді мекендерге, жолдар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді. Құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Апаттан кейін Непал мен Қытай шекарасында жүрген екі қазақстандық әйелден де хабар үзілген.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2026 08:34