Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың жақында жарық көрген кітабына пікір білдірген Тоқаев өзінің мемуар жазуға деген көзқарасын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарық көрген мемуары жайлы пікір білдірді. Сонымен қоса ол Назарбаевты әділ тарихи бағасын алуға лайық адам деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

назарабаев токаев

Тоқаев Назарбаевтың “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” кітабы тәуелсіз мемлекет құру ісінің жылнамасы ретінде оқырман қызығушылығын туғызады деп санайтынын жеткізген.

“Кезінде бір айтқыш "Мемуарда шындықтың жартысы айтылса да, ол тарихи оқиғалардың ауқымын бағамдауға жеткілікті" деген екен.



Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз ман­сабын комсомол белсендісі ретін­де Хрущев заманында бастап, ара­да алпыс жылдан астам уақыт өткен­­нен кейін қызметтен кетті. Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуы­на қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам”, – дейді президент.

Мемуарларды, публицистика­лық шығармаларды, саяси очерктерді әрдайым ыждағатпен оқитынын айтқан мемлекет басшысы өзі үшін “қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес” екенін жеткізген.

Талқылау