Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев тағы бір төңкеріске дайындалып жатыр – Бұрынғы депутат экс-президенттің кек алатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған, экс-депутат Серік Әбдірахманов бұрынғы президенттің тағы бір төңкеріске дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынған скрин

Бұрынғы депутаттың айтуынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан кешірмейді, кегін алады. 

"Ол қайталамайды емес, қайталайды. Ендігі төңкерісті әдемілеп жасайды. Бас хатшы Шардарбаев орыстың бас хатшыларының қалай кеткенін айтты. Сол сияқты ол да кешірмейді. Кегін алады. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаев жыланның құйрығын басқандай болып тұр. Өте қауіпті", – деді ол. 


"Әңгімелесейін деп барған едім": Бибігүл Төлегенова Нұрсұлтан Назарбаев берген сыйлығын көрсетті

"Назарбаевтың құлауы": Суретші Ербосын Мелдібековтің көрмесіне ерекше экспонат қойылды 


Сондай-ақ Аралбайұлы бұрынғы депутаттан "Жоңғар пейілді Назарбаев. Нұршайтан" деген сөздерді не үшін айтқанын сұрады. 

"Ол Қазақстанды жоқ қылды. Біз арабтардан бай халықпыз. Бай жерімізден қазіргі кедейшілікке жеткізді. Ондай адамға не деп айтуға болады? Кішкентай ми болса тарихта қалмайсың ба? Алғың келсе шым-шымдап кішкене ғана ал, одан өлмейсің. Нұрәлі Әлиевтің атасы жеген, шешесі алған. Енді олар қазақтың қалған 20%-ын жұтып жатыр. Сұмдық қой. Бүтін халық болып көтерілуіміз керек. Ұры жүйеден қазақты құтқаруымыз керек", – деді Әбдірахманов. 

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастау себебін түсіндіргені туралы жазған едік. Айтуынша, ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты тұғыр бөлшектелді. Қазір аталған жерде ешқандай мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарда жоқ дейді. 

Талқылау