"Нұрсұлтан партиясы": Exit Poll нәтижелерін оқыған спикер партия атауынан қате жіберді (видео)
10 қаңтарда елімізде өткен Парламент мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты жүргізілген Exit Poll-дың нәтижесін оқыған "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова қазақстандықтардың күлкісіне қалды. Өз сөзінде ол "Nur Otan" партиясының атауын жаңылысып, "Нұрсұлтан" партиясы деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Exit Poll зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитованың бұл сөзін қызу талқылауда. "Nur Otan" партиясының атауынан жаңылысқан ол халықты күлкіге қарық қылды.
Айта кетейік, Қазақстанның тұң,ыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының негізін қалаушы және оның басшысы. Партия Елбасының бастамасымен 1999 жылы құрылған.
Еске салайық, "Қоғамдық пікір" ұйымының сауалнамасының нәтижелерін сүйенсек, "Nur Otan" (71,97%), "Ақ жол" (10,18%) және "Қазақстанның Халық партиясы" (9,03) Парламент мәжілісіне жолдама алған. Мәжіліске өту үшін сайлауда 7% шектік көрсеткіштен жоғары дауыс жинау қажет.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды