Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын президент әкімшілігіне берді
Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын президент әкімшілігіне тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: obk.kz
Назарбаев қорының мәліметінше. 2023 жылдың мамыр айында Алматы қаласы Ганди көшесі, 10 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараты мемлекет меншігіне өтеусіз өтіп, президент істері басқармасының балансына қосылды.
Алматыдағы президент резиденциясы бұзылғаннан кейін президент әкімшілігі өкілдігі мен президент істері басқармасы қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп үлгергені көрсетілген. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына арналған арнайы кеңсе бар.
"Қазір Алматыда президент резиденциясының жаңа ғимаратын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалдарының атауы өзгертілетіні туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан