"Науқастың денесін қозғалтпау үшін сонда жатқызылды": Қорғаныс министрлігі темір есікте жатқан әскери қызметкер жайлы пікір білдірді
БАҚ-та Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің ауруханаларда төсекте емес, темір есікте жатқаны түсірілген суреті таралды. Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: time.kz сайтынан
БАҚ-та таралған суретте жарақат алған азаматтың темір есікте жатқаны байқалады. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, суреттегі азамат әскери қызметкер болғандықтан ол әскери госпиатльге орналастырылған.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме жасады. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, ер азаматтың омыртқасына зақым келгендіктен оны қатты төсекке жатқызуға туар келген.
“Суретте оңтүстік аймақтағы әскери прокуратураның аға прокуроры әділет лейтенанты Нұрбек Көшеков. Ол сол түні Тараз қаласының әскери госпиталіне түскен. Ауыр омыртқа жарақатын алған Нұрбек шұғыл аурухана жатқызылды. Госпитальдегі жұмсақ төсектер оның омыртқа жарақатына арналмаған, сондықтан оған арнайы үстіңгі қабаты қатты төсек керек болды. Госпиталь мамандандырылған аурухана емес, онда хирургия, терапия бөлімшелері ғана бар. Нейрохирургия жоқ”, – делінген министрліктің Stan.kz тілшісіне берген ресми жауабында.
- "Мұндай боларын білгенде ұлымды әскерге жібермес едім": Жамбыл облысындағы жарылыстан жапа шеккен сарбаздың отбасы сұхбат берді
- Арыс пен Жамбылдағы жарылыстан үрейленіп қалған Ақтөбе облысының тұрғындары жарылғыш заттардың қоймасын көшіруді талап етті
Ведомство өкілінің айтуына қарағанда әскери қызметкер госпитальда екі ай емделеді.
“Рентген нәтижелері мен бірнеше процедуралар оның өміріне төнген қауіптің жоқтығын растады. Осылайша Нұрбекті қалалық ауруханаға жеткізу аса маңызды болмағандықтан, үстіңгі қабаты қатты металл есікті төсектің үстіне қойып, Нұрбектің денесін қозғалтпау үшін сонда жатқыздық. Оның денесі соған шегендеулі болуы керек. Қазір зардап шеккен адамға тыныштық қажет. Мұндай жарақат алғандарға дененің қатты ұстап тұратын арнайы сауыт керек, бұл жерде ондай жоқ.
Госпитальде омыртқа жарақатын алған науқастарға арналған бөлімше жоқтығын айта кетейік. Оны басқа ауруханаға тасымалдаудың да қажеті жоқ – оған Тараздағы әскери госпитальде жақсы күтім жасалған. Мұнда әскери қызметшілердің тез сауығып кетуіне барлық жағдай жасалған. Нұрбек Көшековке толық сауығып, аяққа тұруы үшін тағы екі ай емделуі керек. Нұрбектің емі аяқталған соң, алты айға жуық оңалту процедурасынан өтеді”, – деп қосты министрлік өкілі.
Айта кетсек, Тараз маңында болған жарылыстан 15 адам көз жұмып, тағы 98 азамат түрлі жарақат алды.