Мыңнан астам әйел күдікке ілінді: Қазақстанның 13 өңірінде заңсыз декрет төлемдері бойынша тергеу жүріп жатыр

Қазақстанның 13 өңірінде декрет төлемдерін заңсыз алу фактілері бойынша 38-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған істер бойынша мыңнан астам әйел жауапқа тартылды. Ал алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллиард теңге.
Оқыңыз“Қазірдің өзінде тоғыз қылмыстық іс бойынша осы заңсыз схемаларды ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сот үкімдері шығарылды”, – деді Шегай.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, заңбұзушылықтар Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті жүргізген ішкі тексерулер барысында анықталған.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, қазір бұл мәселеге қатысты министрлік ішінде ішкі аудит жүріп жатыр. Оны осы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық әке бала күтімі бойынша декреттік төлемдерді сот арқылы өндіріп алғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті