Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін: Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірі оқу ақысын көтеріп жіберген

Қостанай университетінде осыған дейін оқу ақысы екі рет өскен. Студенттер жаңа оқу ақысына наразылық білдіріп, кейбірі тіпті оқудан бас тартуға дайын. Мұндай жағдай еліміздің көптеген оқу орындарында орын алуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

костанай универ

Арнаға сұхбат берген Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенті өзінің аты-жөнін айтқысы келмеген. Есімін жасырған жас жігіт университет басшылығынан қауіптенеді. Алайда оқу ақысының көтерілгені туралы хабарды естіген ол үндемей отыра алмаған. Себебі оның бір жылға төлеген ақшасы екі жылдың оқу ақысына жетер еді.

Студенттің айтуынша, оқу ақысы алғашқы жылы 150 мың теңге болған. 

"Оқуға түскен жылдың басында маған келер жылдан бастап оқу ақысы 200 мың теңге болатынын ескертті. Ал қазір оқу ақысының мөлшерін 420 мың теңгеге көтеріп жіберген", – дейді ол.

Аталған оқу ордасы бұл мәселеге қатысты түсінік берді.  

"2021 жылы пандемия жағдайында университет оқу ақысын күрт өсіруден бас тартты. Осы себепті, біздің университеттің оқытушыларының жалақысы мемлекеттік университеттердегі әріптестеріне ғана емес, сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне қарағанда айтарлықтай төмендеді. Оқу үдерісін тиісті білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін біздің университет жалақыны көтеруге мәжбүр", – деп жазды университет басшылығы Instagram парақшасында.

Талқылау