Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі ұлын іздей бастады

Мөлдір Әуелбекова әрдайым халықтың алдында өзін жинақы ұстап, көз жасын көрсетпеуге тырысады. Алайда биылғы жылдың қыркүйек айында ел алдына шыққан әнші, күйеуімен ажырасқанын айтып, көз жасына ерік берген еді. Әнші ол кезде ұлы үшін жылағанын айтады. Ал осыдан бірер күн бұрын бұрынғы күйеуі Мөлдірге хабарласып, кездесуге ұсыныс жасаған.

Мөлдір Әуелбекова

Бұл туралы Мөлдір Тимур Балымбетовтің “Шыны керек” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Бірінші көз жасымды ата-анам үшін төктім, сол кісілер үшін қынжылдым. Ал қыркүйек айындағы көз жас – балам үшін. Өзім үшін болса, әлі де жинақы болып жүрер ме едім, көз жасымды көрсетпей. Бауыр етің балаң, арқа сүйер ата-анаң болғаннан кейін әрине, көз жас болады”, – дейді Әуелбекова.

Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласқан күні баласының әкесімен де тілдескен.

“Ол сұхбаттың шыққанына да, баланы да көрмегеніне бірталай уақыт болды. Бүгін ол кісі маған жазды. Баланың туған күні, 24 қараша күні 2-ге келеді. “Баланың туған күнін тойлайықшы” деп хабарласты. Әрине, мен келістім. Баланы алып келші деп отыр. Бірақ туған күнін мен жоспарлап қойдым. Баламның әкесі болып жүрген қазіргі таңда менің әкем, баланың апасы да, анасы да болып жүрген – менің анам. Сол себепті біз отбасымызбен жоспарлап қойдық. Басқа күні, әрине. Мен бас тартпаймын. Бала қайта танығаны, тегін білгені дұрыс. Туыстарын білгені дұрыс”, – дейді Мөлдір.

Сұхбат барысында Мөлдір ешкімге кек сақтамайтынын, тіпті баласының әкесін кешіруге, оған қайта сенуге дайын екенін жеткізді.

“Мен ешкімге қатты ренжіп, ішімде көп кек сақтайтын адам емеспін. Өйткені біздің дініміз сондай тәртіпке келтіргендіктен, бізді Жаратушы иеміз қаншама адамдардың күнәларын кешіргенде, біреуге кек сақтап, кешірмеу – ол да бір күнә болып қалатын шығар. Көңіліңе кірбің түсіп қалатын сәттер болады. Уақыт өте келе оның барлығы сейіліп, кешіріледі”, – дейді Әуелбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау