Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатыр.

Әнші жанкүйерлерден өздерін күтіп, мұқият болуды сұрайды. Мөлдір Әуелбекова ауруханада екенін айтты.

"Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді... Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым. Бірнеше уақыттан бері бізCOVID-19 жұқтырып ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір. Сіздерге өтініш, сақтанып жүріңіздерші! COVID өршіп тұр. Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы. Бетперде шешпей киіп жүріңіздерші! Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды. Алла жұртымыздың амандығын берсін! Сырқаттарға шипасы мен жеңілдігін берсін! Сақ болайық! Аман болайық! Сау болайық!", - деп жазды әнші парақшасында.

Желі қолданушылары шипа тілеп, әншінің денсаулығы үшін уайымдап жатыр. 

"Айналайын, тез тәуір болып кет, аман-сау бөпеңді бауырыңа бас", "Шипасын берсін!", "Алла шипасын берсін! Тез жазылыңыз!", "Тез жазылып кетіңіз. Тілекшіміз", деп жазды олар.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр