Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік: Ресей ұсынған коронавирусқа қарсы препарат тек ауруханаларда қолжетімді болады

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 науқастарын емдеуге арналған хаттамаға ресейлік "Авифовир" коронавирусқа қарсы препаратын енгізді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей ұсынған COVID-19-ға қарсы препарат Қазақстанға бір рет қана шығарылатын болады. Оған қоса, ол халықтың барлығына бірдей сатылмайды.

"Бұл препарат жаңа, ол тек стационарлық деңгейде шығарылады", - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, вице-министр Ажар Гиният антибиотиктерге қатысты пікір білдірді. 

"Азитромицин антибиотикі амбулаториялық емдеу тізіміне енгізілген, ол науқастарға тегін беріледі.Облыстар қосымша қаражат жинай бастады және СК-Фармация осы антибиотиктерді көп мөлшерде сатып алуды бастады. Препаратты дәрігер тағайындаған жағдайда, амбулаториялық негізде емделетін пневмониямен ауыратын науқастар қолдана алады", - дейді Ажар Гиният. 


Коронавирустың ешқандай симптомы болмаса дәрі ішудің керегі жоқ. Ондай науқастар ешқандай ем қаблдамаса да болатыны туралы вице-министр хабарлады.

"Мүлдем болмайды. Ауру формасының симптомсыз дегеннің өзі адам ештеңе шағымданбайды, ешқандай белгісі жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан ешқандай антибиотик және басқа да препараттарды ішудің керегі жоқ", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде. 

Талқылау