Министр тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерді қатаң жазаға тартуды ұсынды
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов енді тұрмысқтық зорлық-зомбылық көрсетіп, азаптағандарды жәбірленушінің өтінішінсіз жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КазТаг” порталына сілтеме жасап.
Министр тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне үлкен назар аударып, айыптау жүйесіндегі теңсіздікке назар аударды.
"Біз декларативтіліктен зорлық-зомбылыққа жауап берудің экспрессивті сипатына өтуді, құқық бұзушыларды факті бойынша жауапқа тартуды ұсынамыз. Мәселен қызметкерлер соққыны көрсе де жәбірленушінің мәлімдемесінсіз кінәліні жауапкершілікке тартуға заңды негіз болмайды. Енді біз барлығын бейнетіркегішке түсіріп, тексеріп жәбірленушінің айғағынсыз-ақ жауапқа тарта аламыз. Осылайша біз жазадан құтылып кетуіне жол бермеу қағидатын қамтамасыз ете аламыз", - деді министр Марат Ахметжанов.
Оның мәліметінше, жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 73 мың арыз берілген. Алайда оның 43 мыңы есептен шығарылған. Өйткені полиция келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан. Бұл қысым көрсетушінің жәбірленушімен татуласуына немесе қорқытуына байланысты деректер.
Сонымен қатар министрлік әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтуды, ал ескертудің орнына қоғамдық жұмыстарды енгізуді ұсынды. Мәселен, денсаулыққа зиян келтірумен байланысты қылмыстардың жекелеген заң құрамдарына "отбасылық, тұрмыстық қысымдағы адамға қатысты" деген саралау белгісін енгізу ұсынылады.
Заңнамалық түзетулер пакеті әзірленіп, мемлекеттік органдар келісіміне енгізілетін болады.