Министр Назарбаевтың суреті бар футболка киіп, қазақстандықтарды құттықтады
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екі ай бұрын ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Аида Балаева ел арасында өзінің ерекше стилімен танымал. Бүгін де ол қазақстандықтарды астана күнімен құттықтап, өзінің инстаграмдағы парақшасына сурет салды. Суретте министр көк түсті футболка киіп алған, оның ерекшелігі түсінде емес, бейнеленген суретінде. Футболканың ортасында ҚР Тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас күнінде түскен суреті бейнеленген.
Бүгін, Қазақстанның елордасы күні еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды.
Естеріңізге сала кетейік, Аида Балаева екі ай бұрын Дәурен Абаевтың орнына ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”