Министр мешітке аяқ киімін шешіп кіруге арланған ба (фото)
Астана мешітіне қатысты тағы да бір шу шықты. Бұл жолы жанжалға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ілінді.
Бұл туралы қоғам белсендісі Талғат Рысқұлбек желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, министр Астанадағы мешітке аяқ киіммен кірген. Ол министрмен бірге өзгелердің де аяқ киіммен кіргенін атап өтті. Тек соңында кірген екі ер адам ғана аяқ киімін шешіп кірген. Талғат Рысқұлбек министрдің жаман нәрсе басып келген аяқ киімімін өзгелердің басын сәждеге қойып құлшылық жасайтын орнын былғағанын айтып ашынды.
Қоғам белсендісі бұдан бұрын мешітке аяқ киімін шешіп кірген елбасы мен өзге министрлердің суреттерін бірге жариялады.
Жіберіп алмаңыз:
Көкшетау имамы өз еркімен мешітті тазалап, қарын күрейтін ер адамға велосипед сыйлады (фото)
Қазақстанда депутаттардың жалақысы көтерілді
Семейде неміс ұлтының өкілдері мешітке келіп өз еркімен Ислам дінін қабылдады (фото)