Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллиардтаған доллар табыс бар": Қазақстандықтар сеніп жүрген көріпкелдердің қызметі елімізде қаншалықты заңды

Қазақстандықтар неге әлі күнге дейін көріпкелдер мен эзотериктерге сенеді. Психологтар еліміздегі осы қызметке жұртшылықтың не үшін баратынын және қаншалықты заңды екенін айтып берді. Бұл Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан скринделген

Бүгінде көпшілік көріпкелдерге, тарологтарға, нумерологтарға және астрологтарға жүгінеді. Ал азаматтық әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі оның көрікпелге барғаны туралы хабардан соң бұл тақырып одан сайын талқылана түсті. Экс-министр көріпкелдердің қызметіне жүгінсе, қарапайым адамдар туралы не айтуға болады? Сарапшылар тіпті осы саланы заңдастыру мәселесін көтерді. 

“Логика тұрғысынан бұл қызметтердің іс жүзінде, үлкен көлемде көрсетілетінін ешкім дәлелдей алмайды. Сондықтан заңдастыру менің ойымша мүлдем келмейді”, – деді адвокат Евгений Яворский.



Медициналық бақылау комитеті дәстүрлі емес медицинаға қарағанда бақсылардың, көріпкелдердің қызметі бақылауға алынбайтынын айтты. Психологтар кейбіреулер көңіл мұнда көңіл көтеруге барса, ал кейбірі мәселенің шешімін іздегеннен амалсыз жүгінеді.  

“Олар көбіне адамдардың психологиясын біледі және адамның жанды жеріне дөп түседі. Осылайша оларға қолдау, сенімділік береді. Дамыған елдерде де бұл нарықта миллиардтаған доллар табыс бар. АҚШ-та эзотерикалық қызметтер саласында 3 миллиардтан астам, оңтүстік — шығыс Азияда 32 миллиард доллар айналуда”, – деді психотерапевт Игорь Зуев.

Талқылау