Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Микробты табанымен үйге алып келеді": Дәрігер көшеде түкіруге тыйым салуға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қоғамдық орында түкіруге тыйым салу бастамасын қолдаған еді. Бұл идеяны тек министлік өкілдері ғана емес, қазақстандықтардың басым бөлігі оң қабылдады. Ал дәрігерлер мұның денсаулық үшін де пайдалы тұстары бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

Түкіру

"Барлық жерде түкірік пен қақырық болғаны ұнамайды", "Мәдениетсіздік, бұл санитарлық талаптарға да қайшы ғой", "Мұның барлығы вирус пен бактериялар" деп пікір білдірді Нұр-Сұлтан тұрғындары. 

Кейбірі қажет болса, өзімен орамал немесе майлық алып жүру керегін де қосып өтті. 

Адам түкірігі микробтардың басты таратушысы екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қалалық емхана дәрігері ауру да осыдан тарайды деп санайды. 

"Түкірікте 500-ден аса зиянды микроб пен бактериялар болады. Туберкулез талшықтары, гепатит, вирустық инфекциялар мен дифтерия. 

Көшеде, тротуарда адамның түкірігі 1 айға дейін сақталуы мүмкін. Ал мұны аяқ киімнің табанымен үйге алып келеді", – деді Нұр-Сұлтан қалалық №4 емханасының дәрігер-эпидемиологы Айман Досанова. 

Кей елдерде бұған қатысты тиісті заң қабылданған. Мысалы, Қырғызстанда заңды бұзғандарға 32 мың теңге айыппұл салынады.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшелерде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдаған еді. 

Талқылау