Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алладан артық оққағар керек емес": Ермахан Ибраимов ешкімнен қорықпайтынын айтты

Танымал боксшы Ермахан Ибраимов бүгінде тәуліктің кез келген уақытында оққағарсыз жүретінін бөлісті. Айтуынша, өзіне Жаратушыдан артық оққағар қажет емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ермахан Ибраимов

Сурет: Данияр Майлыбаев

«Оққағар жалдаған жоқпын. Тура осы сұрақты жақында ғана дүниеден өткен мұхаммед Әлиге қойған болатын. «Сіздің оққағарыңыз бар ма?» деген кезде «Иә, менің оққағарым бар» деп жауап берді. Ал «Ол кім?» деп сұрағанда «Ол – Алла» деп жауап берді. Сол секілді менің де оққағарым – бір Алла», - деді боксшы. 

Әрі қарай Ермахан Ибраимов бұл күнде ешкімнен қорықпайтынын айтты. Өзін мықты санағандықтан емес, ешкімге жамандық жасап көрмегендіктен. 

«Ешкімнің ала жібін аттап көрген жоқпын. Мен көшеде емін-еркін жүремін. Түн болсын, күн болсын бір өзім халықтың арасында жүремін. Оққағардың маған керегі жоқ. Неге десеңіз, мен Алланың алдында да, адамзаттың алдында да тазамын», - деп қысқа қайырды ол. 

Әрі қарай өсіп келе жатқан 8 ұлының да өзі секілді спортқа мықты екенін айтып мақтанды. Арасында үшінші ұлы президенттің күзетшісі болып жұмыс істейді. 

«Менің Алла берген бірінен кейін бірі өсіп келе жатқан 8 ұлым бар. Олар да ер жетіп, мықты азамат болады. Мысалы, үшінші ұлым Қайырбек қазір президент аппаратында күзет қызметінде жұмыс істейді. ПКҚ-нің беделді мүшесі», - деді ол. 

Талқылау