Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен де оны балағаттағанмын": Фристайлдан Қазақстан құрамасындағы дау жалғасын тапты

Қазақстан құрамасынан қуылған Александр Геберт өзін қорлады және қысым жасады деп жаттықтырушысын айыптаған болатын. Шаңғы фристайлы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері жаттықтырушы Елена Круглыхинаны қолдап, пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Геберт

Геберт Instagram парақшасында видео жариялап, өзін балағаттағаны және қысым көрсеткені, командадан кетуге мәжбүрлегені туралы мәлімдеген еді. 

Алайда фристайл бойынша спорт шебері Павел Колмаков мұны "жеккөрініштен туындаған жанжал" деп бағалады.

"2016 жылдан бері Круглыхина Елена Анатольевнаның қол астына жаттығамын. Қазірге дейін халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы атандым. Болған жағдайға қатысты өз пікірімді білдірсем деп едім. Жанжал жеккөрініштен туындаған. Бұл команданың Олимпиада ойындарына дайындалуға кедергі келтіреді. Спортшылар мен жаттықтырушыларға сыйластық танытсаңыздар деп сұраймын. Олимпиада ойындарына кедергі келтірмеңіздер. Себебі өте қатты алаңдатады. Барлықтарыңызға рақмет", – деді Павел Колмаков Instagram парақшасындағы жазбада.

2018 жылы өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Юлия Галышева да оқиғаға қатысты пікір білдірді. 


"Құрамадан өз еркіммен кетуге мәжбүрледі": Спорт шебері жаттықтырушы тарапынан көрген қысым жайлы айтты 


"Жақында ғана әлеуметтік желіде жанжал басталды. Біздің командаға, жаттықтырушыларға “біліксіз” деп тіл тигізді. Александрды командадан қуды деп айтты. Алайда оның команда көрсеткіштеріне сай болмағанын дәлелдейтін құжаттар ғаламторда және сайтта тұр. Елена айтқандай, біз командада болғысы келген және спортпен шұғылданатындардың  барлығын сүйрей алмаймыз", – деп мәлімдеді Галышева. 

Галышева спортшының өзі балағаттауға дейін жеткізуі мүмкін екенін айтады. 

"Гебертпен басқаша болмайды. Мен де оны балағаттағанымды мойындаймын. Және бірнеше рет болды. Ол адамдарды сондай жағдайға дейін жеткізеді. Физикалық күш көрсетіп, ұрғың келеді", – деп қосты Юлия Галышева. 

 

 

Талқылау